Әкімдік қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмаған: Ақтауда Димаштың қатысуымен өткен концертте жастар пышақ жарақатын алды
Ақтауда Димаш Құдайбергеннің қатысуымен болған концерт кезінде ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы Lada.kz басылымына сілтеме жасап. Маңғыстау облыстық жедел медициналық қызмет мәліметінше, барлығы 41 адамға көмек көрсетілген. Оның ішінде, есінен т

Ақтауда Димаш Құдайбергеннің қатысуымен болған концерт кезінде ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық жедел медициналық қызмет мәліметінше, барлығы 41 адамға көмек көрсетілген. Оның ішінде, есінен тану, пышақ жарақаты, бір инсульт пен бір жүрек ритмі бұзылу дерегі бар. Пышақ жарақатын алған азаматқа көмек көрсетіліп, амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберілген.
Ал полицейлер есінен танған балалар мен жасөспірімдерді жағалауға шығарған. Адамдардың көп жиналуына концертке Димаш Құдайбергеннің қатысуы себеп болған.
Сондай-ақ 100-ден аса бала ата-анасынан адасып қалған, олардың ең үлкені 15 жаста. Барлық ата-аналар табылыпты. Полиция жоғалған балаларды орналастыру үшін арнайы киізүй тігіпті.
фото: Lada.kz
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·