«Жұмыс іс жүзінде орындалмаса да, бізді қабылдау актілеріне қол қоюға мәжбүрлейді. Бұл жүйелі түрде жалғасып келеді», — деген уәж айтылады анонимді хатта.Дегенмен полиция департаменті бұл тексерістің бастамашысы – генералдың өзі екенін алға тартады. Politico.kz сайтының мәліметінше, Сағындық Аяғанов есімінің қаралануына байланысты Ішкі істер министрлігіне арнайы хат жолдап, тексеріс жүргізуді сұраған. Тіпті, істің ақ-қарасын әділ анықтау үшін тексеріс жұмыстарына мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділерін де қатыстыруды ұсыныпты. Еске сала кетейік, бұған дейін экс-депутат Ынташ Наурызова өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдан некесіз баласы бар екенін сотта дәлелдеп шыққан болатын.
«Әкімі қызқұмар, полициясы бандит»: Ақтауда генералдар қылмыстық топ құрған деп айыпталды
Ақтауға Ішкі істер министрлігінің арнайы комиссиясы шұғыл жетті. Тексеріске желіде тараған аты-жөні көрсетілмеген ұжымдық арыз түрткі болған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желіні шарлап кеткен хатта Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы Са

Ақтауға Ішкі істер министрлігінің арнайы комиссиясы шұғыл жетті. Тексеріске желіде тараған аты-жөні көрсетілмеген ұжымдық арыз түрткі болған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіні шарлап кеткен хатта Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов пен оның орынбасарларының аты аталады. Хат иелері жоғары шенді полиция өкілдерін ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және бюджет қаржысын жымқырудың тұрақты сызбасын жасады деп айыптап отыр.
Арыздағы мәліметке сүйенсек, басшылық мемлекеттік сатып алуларды тек қағаз жүзінде өткізіп, тендерлерді алдын ала белгіленген қуыршақ компанияларға ұтып әперетін көрінеді.
Похожие материалы

Новости
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Үшінші жәбірленуші де сотталушыға кешірім берді
Айғаным Нариманова·

Новости
Арыста 52 жастағы жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірді
Айғаным Нариманова·

Новости
Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Германии пользователей Facebook оштрафовали за оскорбления канцлера Мерца
Жаннұр Еділбаева·