«Мен баламның болашағы мен құқығы үшін соңына дейін күресемін»,- Ақмарал Баққараева.Қазіргі таңда бұл іс бойынша сот процестері жүріп жатқаны белгілі болды. Ал әнші Нұрлан Абдуллин тарапынан әзірге ресми жауап немесе теріске шығару мәлімдемесі жасалған жоқ. Фото: скрин
Әнші Нұрлан Абдуллиннің тоқалымын деген әйел оның некесіз туған ұлына алимент төлемей, қашып жүргенін айтты
Желіде танымал әнші Нұрлан Абдуллиннің айналасында үлкен дау туды. Ақмарал Баққараева есімді әйел өзін өнер иесінің бұрынғы азаматтық некедегі жарымын деп таныстырып, резонансты мәлімдеме жасады. Ulysmedia.kz алаңына келген келіншектің айтуынша, олардың 8 жасар Аят есімді ұлдары

Желіде танымал әнші Нұрлан Абдуллиннің айналасында үлкен дау туды. Ақмарал Баққараева есімді әйел өзін өнер иесінің бұрынғы азаматтық некедегі жарымын деп таныстырып, резонансты мәлімдеме жасады.
Ulysmedia.kz алаңына келген келіншектің айтуынша, олардың 8 жасар Аят есімді ұлдары бар. Алайда әнші баланы мойындамай, ешқандай материалдық көмек көрсетпей отырған көрінеді.
Ақмарал қазіргі уақытта ұлымен бірге панасыз қалғанын, алимент өндіру мәселесі шешілмегенін алға тартты. Ол әншіні "ақшасын өзгелерге шашып, өз баласына келгенде сараңдық танытады" деп айыптады.
Сұхбат барысында әйел өміріне қауіп төнгенін де айтып қалды. Оның сөзінше, әнші тарапынан психологиялық қысым көрсетіліп, тіпті белгісіз тұлғалар арқылы қорқыту әрекеттері болған.
Ақмаралдың айтуынша, бұл отбасылық жанжал кішкентай Аяттың жанына жара салған. Бала мектепте мұғалімдеріне әкесі мен анасының арасындағы кикілжің туралы айтып, анасының өмірі үшін уайымдайтынын жеткізген.
Похожие материалы

Новости
«Біз ауқымды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеміз». Ерлан Қарин Тоқаевтың негізгі 9 үндеуін бөліп көрсетті
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Нурлыбек Налибаев ознакомился с ключевыми проектами Костанайской области
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Депутат Пономарев предложил усилить экологическое просвещение в Казахстане
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Түркістандық педагог сот залында өзіне қол салмақ болды
Айғаным Нариманова·