Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

Әскерде тағы трагедия: дені сау сарбаз бір айға жетпей үйіне табытпен оралды

Фото: әлеуметтік желі Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбаз әскерге келген алғашқы күндерінен бастап бірнеше рет дәрігерге жүгінген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.  Бақылауда болған және Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде тексеруден өткен

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Әскерде тағы трагедия: дені сау сарбаз бір айға жетпей үйіне табытпен оралды
Фото: әлеуметтік желі
Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбаз әскерге келген алғашқы күндерінен бастап бірнеше рет дәрігерге жүгінген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.  Бақылауда болған және Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде тексеруден өткен. 6 қаңтарда сарбаздың жүрегі кенеттен тоқтап қалған.
"Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада көз жұмды", - делінген мәлімдемеде.
Алдын ала диагноз - "жедел лейкоз". Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жағдай Ұлттық ұлан бас қолбасшысының жеке бақылауында. Данияр Амалбековтің туыстары Syrmedia.kz редакциясына сарбаздың былтыр 11 желтоқсанда ауруханаға түскенін айтқан. Бірақ отбасы ол жөнінде тек 29 желтоқсанда ғана білген. Жақындарының сөзінше, бастапқыда ауруханада «пневмония» диагнозы қойылған, кейін одан емделіп, денсаулығындағы мәселелер асқазанмен байланысты деп түсіндірілген.
«Дені сау баламыз әскерге аттанып, араға бір ай салып табытпен оралды», – деген марқұмның туыстары.
Кейінгі кезде Қазақстанда қатардағы жауынгерлер мен курсанттар арасында өлім-жітім мен суицид жиілеп барады. Бұған дейін қорғаныс министрлігі кейінгі үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қаза болды деп мәлімдеген.  

Похожие материалы

Әскерде тағы трагедия: дені сау сарбаз бір айға жетпей үйіне табытпен оралды · Todayinfo