Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Әуежайда бизнес ашу жеңілдеді: Енді конкурссыз 20 жылға жалға алуға болады

Қазақстанның Көлік министрлігі әуежай аумағындағы алаңдарды жалға беру ережесін өзгертті. Енді кәсіпкерлер дүкен мен кафені конкурссыз аша алады.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Әуежайда бизнес ашу жеңілдеді: Енді конкурссыз 20 жылға жалға алуға болады

Қазақстан әуежайларында дүкен немесе дәмхана ашу енді әлдеқайда жеңілдейді. Көлік министрлігі әуежай аумағындағы орындарды жалға беру тәртібін жаңартты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Жаңа ережеге сәйкес, сауда-саттық, қоғамдық тамақтану және жүкті буып-түю сияқты қызметтер үшін алаңды конкурстық негізде емес, тікелей келісімшарт арқылы алуға мүмкіндік туды.

Алайда мұндай жеңілдікке ілігу үшін компания бірнеше талапқа сай болуы керек. Олар: соңғы үш жылдың кемінде екі жылында шығынсыз жұмыс істеген, жеткілікті техникасы мен ресурсы бар, кемінде 5 жыл тәжірибесі бар 3 маманы бар, тәулік бойы жұмыс істей алатын және Қазақстан әуежайларында жұмыс тәжірибесі бар немесе Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының операторы болуы шарт.

Егер үміткер осы талаптардың біріне сәйкес келмесе, онда жалға беру алаңы бұрынғыдай жалпы конкурс арқылы ойнатылады. Сонымен қатар ведомство конкурс талаптарын да нақтылады: енді қаржылық шарттар, инвестициялық міндеттемелер, өтінім беру мерзімі (15 күн) және бас тарту себептерінің нақты тізімі бекітілді.

Тікелей келісімшарт мерзімі де ұзартылды. Бастапқы келісім 10 жылға дейін жасалса, оны әрқайсысы 5 жылдан аспайтын уақытқа тағы екі рет ұзартуға болады. Яғни, жалпы мерзім 20 жылға дейін жетуі мүмкін.

Похожие материалы

Әуежайда бизнес ашу жеңілдеді: Енді конкурссыз 20 жылға жалға алуға болады · Todayinfo