Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ағаш кесу, ақша жымқыру: Белгілі белсенді Санжар Боқаев Алматыда ұсталды

Алматыда белгілі қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды. Ол жалған ақпарат тарату, ағаш кесуді ұйымдастыру және алаяқтық бойынша күдікке ілінді.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Ағаш кесу, ақша жымқыру: Белгілі белсенді Санжар Боқаев Алматыда ұсталды
Алматыда танымал қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды. Бас прокуратура оған бірнеше ауыр қылмыс бойынша айып тағылып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Ведомствоның хабарлауынша, Боқаев бірнеше қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметінше, ол әлеуметтік желілерде саябақтардағы ағаштардың заңсыз кесілуі және құрылыс алаңдарынан ұрлық жасалуы туралы жалған видеолар таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыруды көздеген. Сонымен қатар, Боқаев осы қылмыстарды өзі ұйымдастырып, қаржыландырған деп айыпталуда. Ол бұл іске табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшаға ағаш кесуді және ұрлық жасауды тапсырған. Бұдан бөлек, белсендіге аса ірі көлемде алаяқтық жасады және қомақты қаржыны жымқырды деген айып тағылды. Қазіргі уақытта істің басқа мән-жайы тергеу құпиялылығына байланысты жария етілмейді. Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Ағаш кесу, ақша жымқыру: Белгілі белсенді Санжар Боқаев Алматыда ұсталды · Todayinfo