«Айтып жеткізу мүмкін емес»: түн ортасында күллі Қазақстан үшін ерекше оқиға орын алды (ВИДЕО)
Қазақстандық Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияның Милан қаласында өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында чемпион атанды, деп сүйіншілейді Todayinfo порталы. Отандасымыз Михаил Шайдоровтың жарқын жүлдесі – Ақ Олимпиадада 32 жыл күткен алтын саналады. Бұған дейін ел қоржы

Қазақстандық Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияның Милан қаласында өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында чемпион атанды, деп сүйіншілейді Todayinfo порталы.
Отандасымыз Михаил Шайдоровтың жарқын жүлдесі – Ақ Олимпиадада 32 жыл күткен алтын саналады. Бұған дейін ел қоржынына алтын медальді Қазақстан алғаш Олимпиадаға қатысқан жылы Владимир Смирнов (1994 жылы) салған еді.
Еркін бағдарлама үшін қазақстандық спортшы 198,64 ұпай еншіледі. Нәтижесінде жалпы саны 291,58 балды қанжығасына байлап, Милан төрінде еліміздің әнұранын асқақтатты.
https://www.instagram.com/reel/DUts65EjkaT/?igsh=cG83YnQzbnBmNjk4
Шайдоров ақтық сында өз өнерін Димаш Құдайбергеннің композициясы сүйемелімен алып шықты. Ерлер арасындағы жекелей сырғанаудан күміс жүлдені жапониялық Юма Кагияма (280,06 ұпай), ал қола медальді тағы бір жапониялық спортшы Шун Сато (274,90 ұпай) иеленді.
«Қазақстан тарихындағы қысқы Олимпиада ойындарында екінші алтын медаль! Еліміз үшін мәнерлеп сырғанаудан алғашқы алтын жүлде!
Миша, Қазақстан халқы сенімен мақтанады! Бұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, керемет жетістік!» – деп жазды Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитетінің Баспасөз қызметі.
Похожие материалы

Новости
Қазақстандық Ләззат Алшинова беделді «The Women Noble Prize 2026» сыйлығының лауреаты атанды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Айгуль Забирова: «Выборы в Курултай станут началом работы новой, более адаптивной парламентской модели»
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Аида Балаева Азамат Омаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Айғаным Нариманова·

Новости
Осужденный по делу Салтанат Нукеновой брат Бишимбаева освобожден по амнистии
Жаннұр Еділбаева·