Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Алатау қаласында ірі зауыт салынады: Mars Қазақстанға 180 млн доллар құяды

Президент Тоқаев Mars басшысымен кездесті. Алатау қаласында үй жануарларына арналған азық-түлік зауытын салу үшін 180 млн доллар инвестиция бөлінеді.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Алатау қаласында ірі зауыт салынады: Mars Қазақстанға 180 млн доллар құяды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық Mars компаниясының бас атқарушы директоры Пол Вайраухты қабылдап, елге 180 млн долларға жуық инвестиция тарту туралы келісімді талқылады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әлемге әйгілі Mars компаниясы арасындағы инвестициялық келісімге қол қойылуын жоғары бағалады.

«Бұл оқиға – стратегиялық маңызы зор серіктестіктің бастамасы. Ол қазақ-америка ынтымақтастығының жоғары деңгейін көрсетеді», – деп атап өтті Президент.

Инвестициялық жоба аясында Mars компаниясы жаңадан құрылған Алатау қаласында үй жануарларына арналған азық-түлік өндіретін зауыт салады. Бұл кәсіпорын агроөнеркәсіптік шикізатты терең өңдеп, қосымша құны жоғары өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Пол Вайраух Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзара тиімді инвестициялық келісімді іске асыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Компания басшысының айтуынша, бұл бастама Mars үшін Орталық Азия мен көршілес өңірлерде өндіріс пен сату нарығын кеңейтуге арналған маңызды платформа болады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Алатау қаласында ірі зауыт салынады: Mars Қазақстанға 180 млн доллар құяды · Todayinfo