Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Almaty aqshamy» газетіне жаңа бас редактор тағайындалды

«Almaty aqshamy» газетінің басшылық құрамы толығымен жаңарды. Бұл туралы «Alatau Aqparat» медиа холдингінің директоры Ержан Қалымбайұлы ресми түрде хабарлады, деп жазды Todayinfo . Ел тарихында орны бар, Алматының тыныс-тіршілігін жазатын байырғы басылымды енді жаңа, бірақ тәжіри

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
«Almaty aqshamy» газетіне жаңа бас редактор тағайындалды

«Almaty aqshamy» газетінің басшылық құрамы толығымен жаңарды. Бұл туралы «Alatau Aqparat» медиа холдингінің директоры Ержан Қалымбайұлы ресми түрде хабарлады, деп жазды Todayinfo.

Ел тарихында орны бар, Алматының тыныс-тіршілігін жазатын байырғы басылымды енді жаңа, бірақ тәжірибелі мамандар тобы басқаратын болады.

Жаңа командаға кімдер кірді?

Холдинг басшылығының шешімімен газеттің бас редакторы қызметіне Естай Божан тағайындалды. Ол медиа салада өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, қаламы жүйрік журналист ретінде танымал.

Сондай-ақ, редакция құрамында мынадай маңызды тағайындаулар болды:

  • Бас редактордың орынбасары болып Серік Жұмабаев бекітілді;

  • Жауапты хатшы қызметі Құралай Иманбекқызына жүктелді.

Ержан Қалымбайұлының айтуынша, жаңадан тағайындалған үш маман да – осы «Ақшамның» қазанында қайнап, ыстық-суығына төселіп шыққан кадрлар. Олардың кәсіби біліктілігі басылымның дәстүрлі құндылықтарын сақтай отырып, заман талабына сай түлетуге мүмкіндік береді деген сенім зор.

Аға буынның ізімен

«Almaty aqshamy» – қазақ баспасөзіндегі бірегей мектеп. Кезінде Ерғали Сағат, Қали Сәрсенбай сынды қазақ журналистикасының марғасқалары басқарған басылымның жауапкершілігі қашанда ауыр.

Осы уақытқа дейін газет тізгінін ұстап келген Төрехан Данияров құрметті еңбек демалысына шықты. Әріптестері оған газеттің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, зейнет жасында немере-шөбере қызығына кенелуді тіледі.

Жаңарған құрам алдағы уақытта мегаполистің бас газетін жаңа деңгейге көтеріп, оқырман сұранысына сай қызмет етеді деп күтілуде.

Todayinfo ұжымы жаңадан тағайындалған әріптес буынға құтты болсын айтады!

Похожие материалы

«Almaty aqshamy» газетіне жаңа бас редактор тағайындалды · Todayinfo