Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Алматы маңында жер сілкінді

Сейсмологтар Алматыдан 35 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды  todayinfo.kz Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, 7 тамыз күні Астана уақытымен 19:03-те магнитудасы 3,1 жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алма

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Алматы маңында жер сілкінді
Сейсмологтар Алматыдан 35 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды todayinfo.kz Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, 7 тамыз күні Астана уақытымен 19:03-те магнитудасы 3,1 жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 35 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісі сезілмегені атап өтілді. Еске сала кетейік, 5 тамыз күні кешке Шымкентте және Қазақстанның екі облысында жер сілкінісі тіркелді. Сол кезде жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 408 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында болған. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,9 болды. Фото: canva.com

Похожие материалы

Алматы маңында жер сілкінді · Todayinfo