Алматы облысында бір мыңға жуық оқушы мектепті «Алтын белгімен» бітіреді
Алматы облысында биыл 11-сыныпты 14 222 түлек аяқтайды. Оның ішінде 948 оқушы «Алтын белгі», 1206 оқушы «Үздік аттестат» үміткерлері, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. 24 мамырда білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу-жылын қорытындылау үшін «Білімім – Отаныма!» атты жалп

Алматы облысында биыл 11-сыныпты 14 222 түлек аяқтайды. Оның ішінде 948 оқушы «Алтын белгі», 1206 оқушы «Үздік аттестат» үміткерлері, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
24 мамырда білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу-жылын қорытындылау үшін «Білімім – Отаныма!» атты жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.
«Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы мектеп бітірушілер іс-шарасы өткізілді.
Бүгінгі күнде Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға 11 540 бала тіркелді.
Алматы облысында 3 тест тапсыру орталықтары қызмет атқарады.
Алматы облысында жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын сапалы ұйымдастыру шаралары жүргізілуде.
Жазғы кезеңде 320 464 оқушының 272 861-ін (85%) жазғы демалыспен және сауықтырумен қамту жоспарланып отыр.
Жекелеген санаттарындағы 3647 баланың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру үшін облыстық бюджеттен 474,1 млн. теңге бөлінді. Демеушілер есебінен 18,0 млн. теңгеге 120 баланы сауықтыру шараларымен қамту жоспарланды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Халқына» қорынан 2421 баланың демалуын ұйымдастыруға облыстағы 4 лагерьге жолдама берілді.
Жалпы облыс аумағында 20 жазғы сауықтыру лагері бар (оның ішінде мемлекеттік - 2, жекеменшік - 18). Оның ішінде жазғы кезеңде 1 мемлекеттік және 14 жекеменшік лагерь жұмысын бастайды деп жоспарлануда.
Аталған мәселе қатаң бақылуға алынған, іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізіледі.
Похожие материалы

Регионы
«Qamqor sos»: в Алматинской области запущен первый в Казахстане цифровой пункт экстренной медицинской помощи
Айғаным Нариманова·

Регионы
«Qamqor sos»: Қазақстандағы алғашқы цифрлық жедел медициналық көмек пункті Алматы облысында іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Регионы
Флаг, Гимн и Герб: аким Алматинской области провел встречу с детьми
Айғаным Нариманова·

Регионы
Көк Ту, Елтаңба, Әнұран: Қонаевта балаларға тағылымды кездесу ұйымдастырылды
Айғаным Нариманова·