Алматы облысында мемлекеттік органдар ірі инвестордың жұмысына кедергі келтірген
Алматы облысында мемлекеттік органдар ірі инвестордың жұмысына кедергі келтірген, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Облыстық прокуратураның мәліметінше, 2019 жылы Алматы облысында вольфрам кендерін өндіру зауытын салу бойынша «Жетісу Вольфрамы» ЖШС жобасын іске асыру басталғ

Алматы облысында мемлекеттік органдар ірі инвестордың жұмысына кедергі келтірген, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, 2019 жылы Алматы облысында вольфрам кендерін өндіру зауытын салу бойынша «Жетісу Вольфрамы» ЖШС жобасын іске асыру басталған. Биыл зауытты іске қосу үшін инвесторға энергиямен жабдықтау қуатын ұлғайту және ол үшін «АЖК» АҚ-дан техникалық шарттар алу талап етілді.
Алайда, мемлекеттік органдар тарапынан бұл рәсім уақытымен кешіктірілді және кейіннен инвестициялық жобаны іске асыру мерзімдерінің бұзылуына әкелуі мүмкін еді.
Осы мәселе бойынша Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасымен уәкілетті органдардың және «АЖК» АҚ қатысуымен фронт-офис отырысы ұйымдастырылды. Оның нәтижелері бойынша инвестор электр қуатына қосылуға техникалық шарттар алды және жобаны іске асыруды жалғастырды.
Айта кетсек, зауытты пайдалануға беру жылдың соңына жоспарланған және бүгінде «Жетісу Вольфрамы» ЖШС ел экономикасына 96 млрд теңге инвестициялап, 1 мың жаңа жұмыс орнын ашты.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·