Алматы қаласының прокуратурасы әлеуметтік желілерде курьерді жауапкершілікке тартуға қатысты таратылып жатқан ақпарат жөнінде мәлімдеме жасады. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Анықталғандай, курьер тапсырысты тапсыру кезінде өзін дөрекі ұстап, тапсырыс берушіні әдейі жанжалға итермелеген.
Атап айтқанда, ол тапсырыс берушіні «менің қарным ашып тұр» деген сөзді айтуға мәжбүрлеген, әйтпесе тапсырысты бермейтінін айтып қорқытқан.
Курьердің арандатушылық әрекеттері тараптар арасында сөзге келуге себеп болған. Өз кезегінде тапсырыс беруші жанжал барысында бейәдеп сөздер қолданған.
Іс материалдарын қарау нәтижесі бойынша оқиғаға қатысушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен олардың әрқайсысына 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.
Жауапкершілікке тарту жанжалға қатысушылардың құқыққа қайшы әрекеттеріне байланысты жүзеге асырылды.
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сүйенуге және бұрмаланған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырады. Көрінеу жалған ақпарат тарату заңнамада белгіленген жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
Алматы прокуратурасы тапсырыс берушіні жанжалға итермелеген курьер жайлы пікір білдірді
Алматы қаласының прокуратурасы әлеуметтік желілерде курьерді жауапкершілікке тартуға қатысты таратылып жатқан ақпарат жөнінде мәлімдеме жасады. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Анықталғандай, курьер тапсырысты тапсыру кезінде өзін дөрекі ұстап, тапсырыс беру

Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·