Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Алматыда 103 млрд теңгеге дәрі шығаратын ірі зауыт салынады: не өзгереді?

Алматыдағы жаңа зауытта 58 түрлі дәрі жасалады, олардың кейбірі шетелге экспортталмақ.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Алматыда 103 млрд теңгеге дәрі шығаратын ірі зауыт салынады: не өзгереді?

Алматыдағы "Алатау" арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 103 миллиард теңгені құрайтын биофармацевтикалық кешен салынатыны хабарланды. Жобаны жүзеге асыратын – Khan Tengri Biopharma компаниясы.

Кешенде барлығы 58 түрлі дәрі-дәрмек өндірілмек. Олардың қатарында онкологиялық, аутоиммундық және сирек кездесетін дерттерге қарсы препараттар бар. Бұл дәрілердің 27-сі халықаралық дəрежеде тіркелген, патенттелмеген атаулардан тұрады.

Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жергілікті билік аталған зауыт еліміздің дәріге деген импорттық тәуелділігін азайтып, фармацевтикалық қауіпсіздігін арттырады деп үміттеніп отыр.

Өндірілетін өнімнің бір бөлігі ішкі нарықтан бөлек, Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД елдері және Таяу Шығыс аймағына экспортталуы көзделген.

Қазақстандықтарға бұл зауыттың қандай пайдасы бар?

Жоба толық іске қосылған жағдайда ел ішінде дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі артып, емделушілер үшін балама және арзан препараттар пайда болуы мүмкін.

Сонымен бірге бұл өндіріс бірқатар жаңа жұмыс орындарын ашып, саланың мамандану деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Khan Tengri Biopharma — кімге тиесілі?

Orda.kz бұған дейін Khan Tengri Biopharma жайлы жазған болатын. Журналистік зерттеулерге сүйенсек, бұл компания мемлекеттен приоритеттік инвестициялық қолдауға ие болған.

Сол арқылы мемлекеттік тапсырыстарға тікелей қатысу құқығын алған. Компанияның иелерінің бірі Ресей президенті Владимир Путиннің отбасымен тығыз байланысы бар тұлғаларға тиесілі деген ақпарат бар.

Похожие материалы

Алматыда 103 млрд теңгеге дәрі шығаратын ірі зауыт салынады: не өзгереді? · Todayinfo