Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Алматыда әскери қызметшілерге құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету акциясы өтті

Алматы қаласында «Заң және Тәртіп» мемлекеттік идеологемасы аясында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне құқықтық

Автор Todayinfo редакциясы··1 мин чтения
Алматыда әскери қызметшілерге құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету акциясы өтті

және әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған акция ұйымдастырылды.
Іс-шара Алматыдағы Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне арналған жатақхана аумағында Ашық есік күні форматында өтті. Оған Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы, әскери прокуратура, жергілікті атқарушы органдар және өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы полковник Тимур Рахимовтың айтуынша, іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының талабына сәйкес ұйымдастырылған.
– Оның басты мақсаты – әскери қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің және әскери жатақхана тұрғындарының өтініштерін жедел қарау, тұрғын үй және әлеуметтік құқықтарды түсіндіру, сондай-ақ құқықтық тәртіп мәселелері бойынша ашық диалог алаңын қалыптастыру, – деді полковник Тимур Рахимов.
Қоғамдық қабылдау барысында әскери зейнеткерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жекешелендіру немесе ақшалай өтемақы алу, тұрғын үйлерді күрделі жөндеу, аулаларды абаттандыру, балалар ойын алаңдарын жаңарту және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының өкілі, әділет лейтенанты Ерсұлтан Қошалы мұндай кездесулер азаматтардың өтініштерін тікелей тыңдап, оларды шешудің нақты тетіктерін айқындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
– Азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету және құқықтық сауаттылықты арттыру – ортақ міндетіміз. Сондықтан мұндай іс-шаралар халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара сенімді нығайтуда маңызды рөл атқарады, – деді ол.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. 7552 әскери бөлімінің жаңадан тағайындалған командирі подполковник Алмат Асылбеков әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің өтініштерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
– Барлық проблемалық мәселелер бақылауға алынды. Оларды шешу үшін тиісті мемлекеттік органдар мен жауапты қызметтердің қатысуымен қажетті шаралар қабылданатын болады, – деді подполковник Алмат Асылбеков.
Іс-шара әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға және әскери қалашық тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған тиімді диалог алаңына айналды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Похожие материалы