Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Алматыда бала жетектеген әйелді автобус қағып кетті

Алматыда бағдаршамның жасыл түсіне жолды кесіп өткен ана мен баланы автобус қақты. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін таңғы уақытта қаланың Медеу ауданында болған. «Автобус жүргізушісі Райымбек даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, Қонаев көшесіне

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Алматыда бала жетектеген әйелді автобус қағып кетті
Алматыда бағдаршамның жасыл түсіне жолды кесіп өткен ана мен баланы автобус қақты.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін таңғы уақытта қаланың Медеу ауданында болған.
«Автобус жүргізушісі Райымбек даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, Қонаев көшесіне оңға қарай бұрылған кезде бала жетектеген әйелді қағады. Олар шығыс бағытта бағдаршамның жасыл түсіне жол бөлігінен өтіп бара жатты. Әйел сол жердегі жақын ауруханалардың біріне жеткізілді. Бала зардап шеккен жоқ. Оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 

Похожие материалы

Алматыда бала жетектеген әйелді автобус қағып кетті · Todayinfo