Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Алматыда бард-әнші Жақсыбек Қалелбектің «Жүрегімдегі кеңістік» атты авторлық ән-жыр кеші өтеді

Алматының бас сахнасы — Республика сарайында өнер сүйер қауым үшін ерекше мәдени оқиға күтіліп тұр.

Автор Todayinfo редакциясы··2 мин чтения
Алматыда бард-әнші Жақсыбек Қалелбектің «Жүрегімдегі кеңістік» атты авторлық ән-жыр кеші өтеді

2026 жылдың 15 маусымында сағат 19:00-де танымал бард-әнші, ақын Жақсыбек Қалелбектің «Жүрегімдегі кеңістік» атты шығармашылық кеші өтеді.
Бұл кеш — жай ғана концерт емес, гитараның үнімен, ақынның тілімен және жүректің шынайы сазымен өрілген рух пен сезім мекені болмақ.
«Республика сарайы — әр өнер иесінің жүрегіндегі үлкен асу»
Бала күнінен өнерге әуес болып, қазақ бард өнерінде өзіндік сара жолын қалыптастырып келе жатқан Жақсыбек Қалелбек бұл концертті өміріндегі үлкен тәуекел әрі басты белестердің бірі деп санайды. Өнер иесі алдағы кешке байланысты ішкі толғанысын былай деп бөлісті:
«Республика сарайында концерт берегу — әрбір өнер иесінің жүрегінде жүрген бір асу, бір белес секілді… Мен де осы уақытқа дейін ішіме жиған бар дүниемді, жүректегі сөздерімді, әндерімді бір кешке сыйдыру үшін үлкен тәуекелге барып жатырмын. Сахнаға шығар алдындағы толқу, жауапкершілік, арманға бір қадам жақындағандағы күй — бұл өнер адамының жолы шығар. Бұл кеш — менің көптен бергі арманым».

Кеште көрерменді не күтеді?


«Жүрегімдегі кеңістік» бағдарламасы тыңдарманды автордың ішкі әлеміне саяхат жасауға шақырады. Концерт толықтай жанды дауыста (live) өтеді. Кештің негізгі ерекшелектірі:
Акустикалық гитара мен таза әуен: Сахнада ешқандай фонограммасыз, гитараның нағыз тірі үні күмбірлейді.
Авторлық поэзия: Оқырман жүрегінен орын тапқан терең мағыналы жырлар мен айтылмай қалған сырлы сөздер өлең болып өріледі.
Шынайы атмосфера: Әр әннің артында жатқан өзіндік тарих пен тағдыр көрерменге ерекше рух сыйламақ.
«Кейбір әуендер айтылмай қалған сөздердің орнына туады. Мүмкін, менің жүрегімдегі кеңістіктен сіз өзіңізді табарсыз...» — дейді бард-әнші.

Концерттің толық ақпараты:
Күні: 15 маусым, 2026 жыл
Уақыты: 19:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Республика Сарайы
Билеттер бойынша анықтама телефоны: +7 707 24 27 515
Маңызды ақпарат: Сарай ішіндегі орын саны шектеулі. Кешке қатысуды жоспарлаған көрермендер үшін билеттерді алдын ала брондау ұсынылады.

Билеттерді қайдан сатып алуға болады?
Концерт билеттері онлайн түрде Freedom Ticketon платформасында ресми түрде сатылымға шықты. Билеттерді төмендегі сілтеме арқылы өтіп, таңдап алуға болады:
Ticketon.kz сайты арқылы билет сатып алу
Гитараның үні мен шынайы поэзияның үйлесімін сағынған барша өнерсүйер қауымды 15 маусым күні Республика сарайында күтеміз!

Похожие материалы