Алматыда екі баласымен жұмыс істеген курьер анаға депутат пәтер сыйлады
Әлеуметтік желіде екі баласымен бірге курьер болып жұмыс істейтін Алматы тұрғыны Салтанат Мұратованың өмірі көпшіліктің назарына ілікті. Жалғызбасты ана күндіз мәнті пісіріп сатса, кешкісін балаларының қасында жүріп, тамақ жеткізуші қызметін атқарады, деп хабарлайды Тodayinfo&nbs

Әлеуметтік желіде екі баласымен бірге курьер болып жұмыс істейтін Алматы тұрғыны Салтанат Мұратованың өмірі көпшіліктің назарына ілікті. Жалғызбасты ана күндіз мәнті пісіріп сатса, кешкісін балаларының қасында жүріп, тамақ жеткізуші қызметін атқарады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Оқиға жайлы желі белсендісі Әбдісамат Әбдіш жазды. Салтанаттың қиын жағдайы туралы білген Мәжіліс депутаты Руслан Берденов курьер ананың баспаналы болуына қолдау көрсеткен. Ол еріктілер тобы арқылы қаржылай көмек аударып, ананың баспана мәселесін шешуге себепкер болды.
Берденовтің көп қайырымдылық істерге бастамашы болып жүргені белгілі, бірақ ол бұл істерін жария етуді жөн көрмейді. Алайда мұндай игі істер халық арасында үлгі болып, кеңінен насихатталуы тиіс.
Қыстың суық күндерінде балаларының болашағы үшін талмай еңбек еткен ана қоғамнан қолдау тапты. Көпшіліктің бұл оқиғаға бейжай қарамай, қол ұшын созуы — қоғамдағы ізгілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі.
«Жақсылық жұғысты келеді» дегендей, осындай қайырымдылық оқиғаларды жария етіп, өзгелерге үлгі ету маңызды.
Похожие материалы

Главное
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Главное
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Главное
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Главное
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·