Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Алматыда қаңғыбас жануарларға арналған жедел жәрдем қызметі жұмыс істей бастады

Әкімдіктің хабарлауынша, Алматыда қараусыз және қаңғыбас жануарларға екі жедел ветеринарлық жәрдем бригадасы көмек көрсететін болады. Жануарларды тасымалдау үшін торлармен, зембілдермен және қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған жүк көліктері қарастырылған. Жедел ветерина

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Алматыда қаңғыбас жануарларға арналған жедел жәрдем қызметі жұмыс істей бастады

Әкімдіктің хабарлауынша, Алматыда қараусыз және қаңғыбас жануарларға екі жедел ветеринарлық жәрдем бригадасы көмек көрсететін болады.

Жануарларды тасымалдау үшін торлармен, зембілдермен және қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған жүк көліктері қарастырылған.

Жедел ветеринарлық жәрдемді қандай жағдайларда шақыру керек:

  • жол-көлік оқиғасы немесе құлаудан кейінгі ауыр жарақаттар;
  • улану;
  • асқынуларға және инфекцияларға әкелуі мүмкін тістеп алулар;
  • жіті аурулар (коллапс, жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі, тыныс алу бұзылыстары).

Жедел жәрдемді мына телефондар арқылы шақыруға болады: 8 708 595 64 04, 338 27 59 немесе бірыңғай 109 нөмірі арқылы.

Похожие материалы

Алматыда қаңғыбас жануарларға арналған жедел жәрдем қызметі жұмыс істей бастады · Todayinfo