1 шілде күні сағат 18:00-де Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алаңында (Нұркент шағынауданы, 6) Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енген күніне арналған «Біз – біртұтас Қазақстан халқы!» атты мерекелік концерт өтеді.
Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына ашық аспан астында өтетін ауқымды концерттік бағдарлама ұсынылады. Мерекелік кеште қазақстандық эстраданың танымал өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.
Концертке қатысушылар:
«Абырой» тобы;
Айдана Меденова;
«КешYOU» тобы;
Ziruza;
«Алаш ұлы» тобы;
Ерке Есмахан;
Раим;
Садраддин;
сондай-ақ басқа да танымал өнерпаздар.
Мерекелік концерт Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісімін, патриотизмді және тәуелсіз мемлекеттің конституциялық құндылықтарына деген құрметті дәріптейтін жарқын мәдени іс-шара болмақ.
Өтетін күні: 2026 жылғы 1 шілде
Уақыты: 18:00
Өтетін орны: «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алаңы (Нұркент шағынауданы, 6).
Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын мерекелік кештің көрермені болып, еліміздің бірлігі мен татулығын дәріптейтін мәдени шараға қатысуға шақырамыз!




