«Құрылыс жобасының іске асырылу барысын мәслихат депутаттарынан, Қоғамдық кеңес, білім басқармасы және басқа да мүдделі органдардың өкілдерінен тұратын арнайы комиссия қадағалайды», - дейді «Жанұя» МК қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рафаэль Гасанов.Айта кететін нәрсе, 400 оқушыға арналған «Жанұя» жаңа, заманауи мамандандырылған кешені сол аумақта салынады. Сондай-ақ, оқу және спорт залдары, коворкинг орталық сияқты заманауи, жайлы 200 орындық жатақхана ашу көзделген.
Алматыда жетім балаларға арналған «Жанұя» кешені бұзылатын болды
Алматыда «Жанұя» мамандандырылған кешені» КММ-нің ескі апатты ғимаратының орнында жетім балаларға арналған жаңа заманауи ғимарат салынады. «Жанұя» МК 2006 жылдан бастап жұмыс істейді, ол жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйін, 4 жаста

Алматыда «Жанұя» мамандандырылған кешені» КММ-нің ескі апатты ғимаратының орнында жетім балаларға арналған жаңа заманауи ғимарат салынады.
«Жанұя» МК 2006 жылдан бастап жұмыс істейді, ол жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйін, 4 жастан 18 жасқа дейінгі зияткерлік кемістігі бар балаларға арналған түзету мектеп-интернатын қамтиды.
Қолданыстағы ғимарат 1962 жылы салынған және қазір апатты жағдайда. Кеңес қорытындысы бойынша «Жанұя» МК басшылығы мен Алматы қаласының білім басқармасы кешеннің жаңа ғимаратын салу уақытына балалардың көшу жоспарын егжей-тегжейлі ұсынды. Мәселен, 82 тәрбиеленуші №1 арнайы мектеп-интернатқа орналастырылады. Көшу кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олар 5-10 тамыз аралығында Оқушылар сарайының жанындағы «Өрнек» лагерінде демалады.
2024-2025 оқу жылының басынан бастап «Жанұя» МК оқушылары білім алады:
- бастауыш буын (1-4 сынып) - №2 мектепте 176 оқушы,
- орта буын (5-9 сынып) - №43 мектепте 144 оқушы,
- үйде оқыту – 121 бала,
- колледждерде – 16 студент.
«BI Group» құрылыс компаниясы бизнестің өз қаржысы үшін әлеуметтік жауапкершілік аясында ескі ғимаратты бұзып, жаңа заманауи кешен салуды жоспарлап отыр. Жобаны 2025 жылдың соңына дейін бітіру жоспарланып отыр.
Похожие материалы

Новости
Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы жемқорлық күдігімен ұсталды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Бағын Баян тартып алған»: Тұрсын Алагөзовтың экс—әйеліне көз тіккен еркектер көбейген
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қабірге қонған қария: мерт болған ұлын жоқтаған әке зиратты "үйге" айналдырды
Айдар Керім·

Новости
Семейдегі аспалы көпірден жас жігіт құлап кетті
Жаннұр Еділбаева·