Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Алматыдағы көрме: Таңбалы петроглифтері жасанды интеллект арқылы жаңғырды

Алматыдағы Қастеев музейінде «Таңбалы: Бабалар коды» көрмесі өтеді. Ежелгі петроглифтер жасанды интеллект көмегімен қайта жаңғыртылды.

Автор Мұхтар Жексенбай··2 мин чтения
Алматыдағы көрме: Таңбалы петроглифтері жасанды интеллект арқылы жаңғырды
Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде ежелгі тасқа қашалған суреттер заманауи технологиялар арқылы қайта жаңғырады. 2 сәуірде ашылатын «Таңбалы: Бабалар коды» халықаралық көрмесі көрермендерге ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген петроглифтерді жаңа қырынан таныстырмақ, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл – «Таңбалы» музей-қорығы мен танымал фотосуретші Владислав Кимнің бірлескен жобасы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің басты мақсаты – көне мұраны цифрлық технологиялар тілімен сөйлетіп, оны қазіргі аудиторияға түсінікті әрі қызықты ету. Экспозицияның негізгі идеясы – Таңбалы петроглифтерін жай ғана сурет емес, «бабалар коды» ретінде ұсыну. Бұл таңбалар – ежелгі адамдардың дүниетанымын, мифологиясын және ғарыш туралы білімін жеткізетін символдық тіл. Көрмеге келушілер жартас суреттерінің фотокартиналарын, петроглифтер негізінде жасалған ерекше арт-объектілерді тамашалай алады. Сонымен қатар, экспозицияның басты ерекшелігі – жасанды интеллект (ЖИ) қолданылған иммерсивті мультимедиялық технологиялар. Осының арқасында әрбір көрермен ежелгі киелі кеңістіктің атмосферасын сезініп, тастағы тарихпен тілдескендей әсер алады. Көрме аясында «Жартас суреттерін витринасыз ұсыну» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция да өтеді. Оған ЮНЕСКО өкілдері, шетелдік және отандық ғалымдар, археологтар мен музей саласының мамандары қатысады деп жоспарланған. Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Алматыдағы көрме: Таңбалы петроглифтері жасанды интеллект арқылы жаңғырды · Todayinfo