Алматыдағы Саин көшесі қашан бітеді: мердігер Сатыбалдыға нақты мерзімді атады
Алматы әкімдігі қаладағы Саин көшесі мен Рысқұлов даңғылын жалғайтын жолдың қашан ашылатынын хабарлады. Жаңа мерзім – 20 мамыр.

Алматыда көптен күткен Саин көшесі мен Рысқұлов даңғылын жалғайтын жол айрығының ашылатын жаңа мерзімі белгілі болды. Қала әкімі Дархан Сатыбалдының жұмыс сапары кезінде мердігер компания жолды 20 мамырға дейін ашуға уәде берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Мердігер компанияның өкілі қала басшысына құрылысты толық аяқтауға бір жарым ай уақыт қажет екенін жеткізді. Осылайша, жаңа жол мамыр айының соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс.
Дархан Сатыбалды өз кезегінде жұмыс барысын жеке бақылауда ұстап отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл нысанда қанша метр жол төселгені туралы ақпаратты апта сайын алып тұрады.
Сонымен қатар, әкімге жол құрылысы үшін мемлекет қажеттілігіне алынуы тиіс 220 жер телімінің 198-і алынғаны, ал қалған 22-сі бойынша жұмыс жүріп жатқаны баяндалды.
Фото: Әлеуметтік желіден
Похожие материалы

Новости
«Не давал и не дам прощения»: отец погибшей выступил в суде по делу о смертельном ДТП
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Автомобили, разыгранные Жанабыловыми, выставлены на государственные торги
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Әйелін әбден қорлаған: Интим видеосы тарап кеткен асаба туралы жағымсыз хабар шықты
Айғаным Нариманова·

Новости
Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентін тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтады
Айғаным Нариманова·