Ангелина Лукас бокстан әлем чемпионы атанды
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Бангкок қаласында (Таиланд) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанды. Ангелина Лукас әлем чемпионы атағы үшін аргентиналық спортшы Анай Лопеспен (21-2-1, 1 КО) жұдырықтасты. Олар екінші аса жеңіл салмақта бос тұрған IB

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Бангкок қаласында (Таиланд) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанды.
Ангелина Лукас әлем чемпионы атағы үшін аргентиналық спортшы Анай Лопеспен (21-2-1, 1 КО) жұдырықтасты. Олар екінші аса жеңіл салмақта бос тұрған IBO атағын сарапқа салды. Жекпе-жек екі минуттан 10 раундқа есептелді. Кездесу төрешілердің ұйғарымымен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді.
Осылайша, Ангелина Лукас кәсіби бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, Ангелина биыл WIBF және WBF нұсқалары бойынша екінші дәрежелі чемпиондық белдіктерді жеңіп алған еді.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·