Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ангелина Лукастың келесі қарсыласы белгілі болды (ВИДЕО)

Боксшы Ангелина Лукастың кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы белгілі болды. Ол 29 ақпанда Таиландтың астанасы – Бангкокта Кадесара Джадпакдимен жекпе-жекке шығады. «Достар, 29 ақпанда менің жекпе-жегім Бангкокта болады. Қарсыласым – таиландтық Кадесара Джадпакди.  Оның кәсіпқ

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Ангелина Лукастың келесі қарсыласы белгілі болды (ВИДЕО)
Боксшы Ангелина Лукастың кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы белгілі болды. Ол 29 ақпанда Таиландтың астанасы – Бангкокта Кадесара Джадпакдимен жекпе-жекке шығады.
«Достар, 29 ақпанда менің жекпе-жегім Бангкокта болады. Қарсыласым – таиландтық Кадесара Джадпакди.  Оның кәсіпқой рингтегі рекорды – 7-3-0. Алда мені 8 раундтық маңызды рейтингтік жекпе-жек күтіп тұр. Мен тек жеңіске жетуге бел байладым. Бұл – карьерамдағы ең маңызды жекпе-жек. Себебі бірнеше рейтингтік кездесулерден кейін әлем чемпионы титулдары үшін шаршы алаңға шығамын. Сондықтан менің міндетім – абсолютті әлем чемпионы болу үшін мықты қарсыластарға дайын болу!» – деді боксшы.
Лукас соңғы жекпе-жегін 31 қаңтарда Бакудегі бокс кешінде өткізген. Оның қарсыласы 24 жастағы пәкістандық Рома Юсуфқа болды. Лукас жекпе-жектің бірінші раундында нокаутпен жеңіске жетіп, WIBA чемпионы атанған еді.  

Похожие материалы

Ангелина Лукастың келесі қарсыласы белгілі болды (ВИДЕО) · Todayinfo