Антикор медицина саласына ауқымды тексеру жүргізбек
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (оның ішінде Алматы қаласындағы филиалында, Қарағанды және Тараз қалаларындағы бөлімшелерде) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды ба

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (оның ішінде Алматы қаласындағы филиалында, Қарағанды және Тараз қалаларындағы бөлімшелерде) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.
Агенттік өкілдерінің мәліметінше, бағаларды мемлекеттік реттеу, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тіркеу, олардың сапасына, тиімділігі мен қауіпсіздігіне стандарттар талаптарына сараптама жүргізу және т.б. мәселелер талданатын болады.
Бұдан басқа, қазір агенттіктің аумақтық департаменттері өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының (оның ішінде олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының) қызметіне сыртқы талдау жүргізеді. Талдау шеңберінде бюджетті жоспарлау, жеке көмекшілердің қызметтерін қаржыландыру, атаулы әлеуметтік көмек төлеу, кәсіптік оқытуға ақша жұмсау, кәсіпкерлікті дамытуға арналған гранттарды бөлу, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорын игеру мәселелері зерделенетін болады.
Талдауға агенттіктің аумақтық департаменттерінің қызметкерлерінен басқа, мүдделі мемлекеттік органдардың сарапшылары мен азаматтық қоғам өкілдері тартылады.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·