Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

АҚШ-тың бұрынғы барлаушысы: Трамп енді кері шегінсе, масқара болады

Ақ үйдегі дереккөз АҚШ-тың Иранға жақын арада соққы беруі мүмкін екенін мәлімдеді. Сарапшылардың ойынша, Трамп енді кері шегіне алмайды.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
АҚШ-тың бұрынғы барлаушысы: Трамп енді кері шегінсе, масқара болады

Ақ үйдегі дереккөздің хабарлауынша, АҚШ дүйсенбі немесе сейсенбі күні Иранға соққы беруі мүмкін. Қазіргі таңда Иран маңына 2003 жылғы Ирак соғысынан бергі ең ірі америкалық әскери топ шоғырландырылған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Оған қоса, «USS Gerald R. Ford» атомдық әуе тасымалдаушы кемесі Жерорта теңізіне жеткізілді. АҚШ президенті Дональд Трамп бір жағынан Тегеранмен ядролық бағдарлама бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын айтса, екінші жағынан «егер келісім болмаса, молдаларды жақсылық күтпейді» деп ескерту жасады.

Бұл жағдай «Трамп неге шабуыл жасауға асықпай отыр?» деген сауалды туындатады. АҚШ әскери барлауының бұрынғы офицері, Таяу Шығыс жөніндегі сарапшы Майкл Прегенттің пікірінше, АҚШ президенті тығырыққа тірелген.

«Трамп осынша қоқан-лоққы көрсетіп, ауқымды әскер жинағаннан кейін кері шегінсе, бұл ол үшін әлсіздіктің масқара белгісі болады», – дейді сарапшы.

Айта кетейік, Майкл Прегент – Таяу Шығыс бойынша беделді маман. Ол бұрын Пентагон мен АҚШ Мемлекеттік департаментіне Иран және террористік топтар мәселесі бойынша кеңес берген. Қазіргі уақытта америкалық БАҚ-та қауіпсіздік тақырыбына қатысты тұрақты пікір білдіріп келеді.

Похожие материалы

АҚШ-тың бұрынғы барлаушысы: Трамп енді кері шегінсе, масқара болады · Todayinfo