Ақсу қаласында зауыт жұмысшыларын алдап, 25 млн теңге ұрлаған қылмыстық топ анықталды
Павлодар облысында азаматтарды 25 млн теңгеге алдаған алаяқтардың қылмыстық тобы ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo Polisia-ға сілтеме жасап. Polisia.kz-тің хабарлауынша , қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы Ақсу қаласы тұрғындарының, оның ішінде Ақсу ферроқорытпа зауыты қызметкер

Павлодар облысында азаматтарды 25 млн теңгеге алдаған алаяқтардың қылмыстық тобы ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo Polisia-ға сілтеме жасап.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы Ақсу қаласы тұрғындарының, оның ішінде Ақсу ферроқорытпа зауыты қызметкерлерінің сеніміне кіріп, 25 млн теңгені иемденген.
Қылмыстық топтың құрамында Ақсудың екі тұрғыны болды. Күдіктілерді Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық полиция ведомствосының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері ұстады.
Ұсталған азаматтар 6 рет алаяқтықпен айналысып, адамдардың ақшасын жымқырған деген күдікке ілінді. Шығын көлемі 25 млн теңгеден асады.
Сондай-ақ күдіктілердің Павлодар облысында болған басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Олар Ақсу қалалық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды.
Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Диас Қадыровтың айтуынша, күдіктелер Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.
фото: Polisia
Todayinfo.kz
Похожие материалы

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Новости
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·