Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан
Lada.kz сайтының жазуынша, бұл жағдай Ақтаудағы көпқабатты үйдің кіреберісінде болған. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған жазбадан ер адамның кішкентай балалардың көзінше әйелдің қолын қайырып, аузын жауып тұрғаны көрінеді. Ол әйелді біраз уақытқа босатып, айналада куәгерлердің

Lada.kz сайтының жазуынша, бұл жағдай Ақтаудағы көпқабатты үйдің кіреберісінде болған.
Бейнебақылау камерасына түсіп қалған жазбадан ер адамның кішкентай балалардың көзінше әйелдің қолын қайырып, аузын жауып тұрғаны көрінеді. Ол әйелді біраз уақытқа босатып, айналада куәгерлердің жоқтығына көз жеткізу үшін жан-жағына қарайды. Сонан соң оны лифтке итеріп кіргізіп, құлатып, шашына жармасады. Осы кезде бейнежазбадан кішкентай баланың қорқып жылағаны, әйелдің айқайлап жатқаны естіледі.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бұл жайттың Ақтауда болғанын растады. Құқық қорғау органдары қызметкерлері видеодағы ер адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін Тик-ток және басқа да әлеуметтік желілерде 24 сәуір Халықаралық зорлық-зомбылық күні болып танылатыны туралы ақпарат тараған. Желі қолданушыларының сөзінше, бұл күні ер адамдар әйелдерге зорлық көрсете алады деп жазылған. ІІМ ағылшын тіліндегі посттан тараған бұл хабарламаның жалған екенін хабарлады.
Похожие материалы

Регионы
В рамках программы «Таза Қазақстан» в области Ұлытау прошли экологические челленджи
Айғаным Нариманова·

Регионы
Более четырёх тысяч человек собрались на площади Государственных символов в Караганде
Айғаным Нариманова·

Регионы
Қарағандыдағы Мемлекеттік рәміздер алаңына төрт мыңнан астам адам жиналды
Айғаным Нариманова·

Регионы
Жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы: Жамбыл облысында ірі зауыт іске қосылды
Айғаным Нариманова·