Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей кінәсін мойындап, Әзербайжанға өтемақы төлейді

Ресей Ақтау түбіндегі ұшақ апаты үшін Әзербайжанға өтемақы төлейтін болды. Апатқа ресейлік ӘШҚҚ жүйесінің қателігі себеп болған.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей кінәсін мойындап, Әзербайжанға өтемақы төлейді

Мәскеу мен Баку 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағына қатысты өтемақы төлеу туралы келісімге келді. Апатқа Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің байқаусызда іске қосылуы себеп болған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл мәселе екі ел президенттері деңгейінде талқыланып, ортақ шешім қабылданды. Тараптар оқиғаны реттеу екіжақты мемлекетаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бағытталғанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Бакуден Грозныйға бет алған Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатынан 39 адам қаза тапқан еді. Олардың арасында Әзербайжан, Ресей, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары болды.

Ресми тергеудің толық қорытындысы алдағы айларда жарияланады деп жоспарланып отыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей кінәсін мойындап, Әзербайжанға өтемақы төлейді · Todayinfo