Ақтаудың экс-әкім орынбасары Өзбекстаннан Қазақстанға жеткізілді
Фото: Lada.kz Ақтаудың бұрынғы әкім орынбасары Тимур Садвакасов Өзбекстанда ұсталып, Қазақстанға қайтарылды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу фактілері бойынша күдікке ілінген,деп хабарлайды Todayinfo. 🔹 Тер

Фото: Lada.kz
Ақтаудың бұрынғы әкім орынбасары Тимур Садвакасов Өзбекстанда ұсталып, Қазақстанға қайтарылды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу фактілері бойынша күдікке ілінген,деп хабарлайды Todayinfo.
🔹 Тергеу мәліметтері бойынша:
✔ 2023 жылғы шілдеде Тимур Садвакасов пен адвокат Санат Құрманбаев бизнес-серіктестеріне қатысты алдын ала тергеуді тоқтатуға көмектесуді уәде еткен
✔ Бұл қызметі үшін олар 90 млн теңге алған, бірақ уәделерін орындамаған
✔ Құқық қорғау органдарынан жасырынып, шекараны заңсыз кесіп өткен
✔ Өзбекстанда ұсталып, 2024 жылдың 25 ақпанында "Капланбек" өткізу пунктінде Қазақстанға берілді
Қазіргі уақытта Садвакасов Шымкенттегі тергеу изоляторында қамауда. Тергеу амалдары жалғасуда.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·