Ақтөбе облысында полицейлер кәсіпкерге қатысты заңсыз іс қозғаған
Хромтау ауданының прокуратурасы кәсіпкерге қатысты басталған қылмыстық қудалауды тоқтатты. Прокуратураның мобильді тобына түскен сигнал бойынша, 21 ақпанда Хромтау аудандық ПБ қызметкерлері қандай да бір арыз немесе шағым болмағанына қарамастан, жұмыс істеп тұрған «Сектор» ойын к

Хромтау ауданының прокуратурасы кәсіпкерге қатысты басталған қылмыстық қудалауды тоқтатты.
Прокуратураның мобильді тобына түскен сигнал бойынша, 21 ақпанда Хромтау аудандық ПБ қызметкерлері қандай да бір арыз немесе шағым болмағанына қарамастан, жұмыс істеп тұрған «Сектор» ойын клубының иесіне қатысты авторлық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 198-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
Қылмыстық қудалау органы қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес, аталған санаттағы істердің тек жәбірленушінің шағымынан ғана басталатынын ескермеген.
Осыған байланысты аудан прокуратуарсы кәсіпкерге қатысты негізсіз басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өндірістен алдырып тастап, тәркіленген мүлік кері қайтарылды.
Полиция қызметкерлеріне қатысты тәртіптік іс жүргізу ісі қозғалды.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·