Ақтөбеде бухгалтер мектептен ұрлаған 400 млн теңгені құмар ойынға салып жіберген
Басылымның хабарлауынша, бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Ақтөбедегі №55 мектебінің бас бухгалтері ұсталған. Қылмысын ол 2015-2023 жылдар аралығында жасап, жалпы шығын 413 миллион теңгені құраған. Жымқыру кезінде директордың электронды санды қолтаңбасы қолданылған. Ақыры,

Басылымның хабарлауынша, бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Ақтөбедегі №55 мектебінің бас бухгалтері ұсталған. Қылмысын ол 2015-2023 жылдар аралығында жасап, жалпы шығын 413 миллион теңгені құраған. Жымқыру кезінде директордың электронды санды қолтаңбасы қолданылған. Ақыры, қылмысы ашылып, қаржыгер ұсталды.
Сотта істің таңғаларлық егжей-тегжейі айтылған. Мемлекет ақшасын ұрласа да бухгалтер байымай, букмекерлерге ставка жасап, бәрінен айырылған. Сотта оның жылдар бойы құмар ойынға тәуелді болғаны анықталды. Адвокаты жұмысқа орналасқанға дейін сотталушы құмар ойындардан зардап шегіп, несиеге батқанын айтқан.
Адвокаты сотталушының антикормен ынтымақтасқанын және соның арқасында басқа адамдарға қатысты құқықбұзушылықтарды анықтауға қол жеткізілгенін ескеру қажет екенін атап өтті.
diapazonnews басылымының хабарлауынша, сот жарыссөзінде адвокат сотталушы психиатриялық аурумен (лудомания) ауырады деп мәлімдеді. Бухгалтер ұрлық жасағанын мойындады, бірақ айыптау бабын қайта қарауды сұрап отыр. Сот әлі аяқталған жоқ.
Похожие материалы

Главное
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Главное
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Главное
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Главное
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·