Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Армения ОСК төрағасы: «Қазақстан азаматтарға құрмет көрсетудің үлгісін көрсетті»

Армения Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы референдумды бақылап, сайлау учаскелерінің ұйымдастырылуына таңданысын білдірді.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Армения ОСК төрағасы: «Қазақстан азаматтарға құрмет көрсетудің үлгісін көрсетті»

Армения Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ваагн Овакимян Қазақстанда өткен республикалық референдумның ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, мұны азаматтарға көрсетілген құрметтің айқын үлгісі деп атады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Халықаралық миссия құрамында келген бақылаушы Қазақстандағы референдум барысынан алған әсерімен бөлісті. Оның айтуынша, мұндай сапарлардың басты мақсаты – өзара тәжірибе алмасу.

"Біз үшін ең бастысы – басқа елдерде сайлау мен референдумдардың қалай ұйымдастырылатынын көру. Бір-біріміздің тәжірибемізді зерттеп, қандай тиімді тәсілдерді қолдануға болатынын саралаймыз. Бұл – достық әрі кәсіби тәжірибе алмасу", - деді ол.

Ваагн Овакимян әсіресе сайлау учаскелеріндегі ұйымдастыру жұмыстарына ерекше назар аударғанын жеткізді. Ол азаматтарға арналған ақпараттық бұрыштар мен мемлекеттік рәміздердің орналасуын жоғары бағалады.

"Мен барған барлық учаскеде мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, сондай-ақ азаматтарға арналған ақпараттық бұрыштар қойылған. Арменияда мұндай бұрыштар мектептерде ғана бар. Ал мұнда олардың әлдеқайда жүйелі ұйымдастырылғанын көрдім. Бұл біз үшін өте қызықты әрі пайдалы тәжірибе", - деп атап өтті халықаралық бақылаушы.

Сондай-ақ ол дауыс беру процесінің тыныш әрі азаматтарға қолайлы жағдайда өтіп жатқанын тілге тиек етті.

"Дауыс беру процесі бірқалыпты өтуде, азаматтар еркін әрі сенімді түрде дауыс беріп жатыр. Барлығы әр адамның оңай қатысуы үшін ойластырылған. Бұл – референдумды жоғары деңгейде ұйымдастырып, азаматтарға құрмет көрсетудің айқын үлгісі. Қазақстанға бейбітшілік, бірлік және тұрақты даму тілеймін", - деп сөзін қорытындылады Ваагн Овакимян.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Армения ОСК төрағасы: «Қазақстан азаматтарға құрмет көрсетудің үлгісін көрсетті» · Todayinfo