Адамзат тарихында тұңғыш рет әйел мен афроамерикалық астронавт қатысқан Ай миссиясы сәтті басталды. Artemis II кемесі төрт адамнан тұратын экипажбен ғарышқа көтерілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Orion ғарыш кемесі АҚШ-тың Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш орталығынан сәрсенбі күні жергілікті уақытпен 18:35-те (Астана уақытымен 2 сәуір, 03:35) ұшырылды.
Миссия үшін әлемдегі ең үлкен Space Launch System (SLS) зымыран-тасығышы қолданылды. Ұшу алдында оның багына бес сағат бойы 2,65 миллион литрден астам криогенді отын құйылып, жалпы салмағы шамамен 2,6 мың тоннаға жетті.
Экипаж құрамында Рид Уайзман, Джереми Хансен, Кристина Кох және Виктор Гловер бар. Бұл миссияның тарихи маңызы зор: Виктор Гловер – Айға аттанған алғашқы афроамерикалық, ал Кристина Кох – Ай миссиясына қатысып отырған тұңғыш әйел астронавт.
Астронавтар он күн ішінде Жер серігін айналып ұшып, кейін Жерге оралуы тиіс.
Фото: Әлеуметтік желіден




