Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Астана әлемнің ең қауіпсіз 100 қаласының тізіміне алғаш рет енді

Астана Numbeo рейтингі бойынша әлемдегі ең қауіпсіз 100 қаланың қатарына енді. Елорда бір жылда 24 сатыға көтеріліп, 81-орынға жайғасты.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Астана әлемнің ең қауіпсіз 100 қаласының тізіміне алғаш рет енді

Астана Numbeo халықаралық рейтингі бойынша әлемдегі ең қауіпсіз 100 қаланың қатарына алғаш рет енді. Елорда бір жыл ішінде 24 сатыға жоғарылап, өз көрсеткішін айтарлықтай жақсартты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Жаңа зерттеуде Қазақстан астанасы 81-орынға жайғасты, ал былтыр бұл көрсеткіш 105-орында болған. Қаланың қауіпсіздік индексі 66,7-ден 67,5-ке дейін өскен. Бұл – қылмыс деңгейінің төмендегенін және қалалық ортаның тұрақты екенін көрсетеді.

Рейтингте тағы бір қазақстандық қала – Алматы да бар. Оңтүстік астана 195-орынды сақтап қалды, оның қауіпсіздік индексі 46,7 деңгейінде өзгеріссіз қалған.

Тізімге барлығы әлемнің 263 қаласы енген. Ең қауіпсіз қалалардың көшін Абу-Даби, Доха және Дубай бастап тұр.

Numbeo сарапшылары рейтингті жасау кезінде бірнеше маңызды факторды ескереді: қылмыс статистикасы, тұрғындардың қауіпсіздікті сезінуі, полиция жұмысының тиімділігі және қалалық инфрақұрылымның сапасы.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Астана әлемнің ең қауіпсіз 100 қаласының тізіміне алғаш рет енді · Todayinfo