Оқу-жаттығу кезінде Индустриялық парк аумағында қозғалысқа уақытша шектеу қойылады.

21 маусым күні Астанада күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ведомствоаралық кешенді арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтеді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іс-шара сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін елордадағы №1 индустриялық парк аумағында ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығу барысында Индустриялық парк аумағында автокөліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

«Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау, тек ресми ақпарат көздеріне сену және жалған ақпарат таратпау сұралады», - делінген хабарламада.

Жаттығудың мақсаты – күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын пысықтау.