BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалінің алғашқы күні аяқталғаннан кейін «Қазанат» ипподромының аумағында экологиялық акция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

WhatsApp Image 2026-07-12 at 12.22.46 (1).jpeg

Фестиваль қонақтары еріктілермен бірге аумақты тазалау жұмысына қатысып, қалған қоқысты жинап, іс-шара өткен орынды ретке келтірді. Бұл акция мерекелік бағдарламаның жалғасы ретінде ұйымдастырылып, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

WhatsApp Image 2026-07-12 at 12.22.45.jpeg

Қатысушылардың айтуынша, мұндай бастамалар көпшілік қатысатын іс-шаралардан кейін тазалықты сақтауға ғана емес, экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.

WhatsApp Image 2026-07-12 at 12.22.46.jpeg

Еске салайық, BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалі 11-12 шілде күндері елордадағы «Қазанат» ипподромында өтіп жатыр. Бағдарлама аясында ұлттық тағамдардың дәмін тату, көрмелер, мәдени және спорттық іс-шаралар, ат спорты шоулары, отбасылық алаңдар мен танымал өнерпаздардың концерттері ұйымдастырылған.