Мысалы, Қарағанды облысында ХҚКО, медициналық мекемелер мен «көмекшілер» деп аталатын қызметкерлерді қамтитын қылмыстық топтың жұмысы тоқтатылды, олар ақша үшін еңбек шарттарын, медициналық анықтамаларды қолдан жасап, тұрғын үйді жалған тіркеуді ресімдеген, - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Қордай ауданында Жамбыл облысы прокуратурасының үйлестіруімен 20 пәкістандыққа шекараны заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырған Қазақстан мен Қырғызстанның үш азаматы ұсталды. Олардың бірі мигранттарды көлікпен және тұрғын үймен қамтамасыз еткен. Ол сотталды, қалған екеуіне қатысты іс сотқа жолданды. Прокурорлар жалған мекен-жайлар бойынша және «резеңке пәтерлерде» тіркелген 22 мың шетелдікті анықтады. Астанадағы бір пәтерде шетелдіктерді қосқанда 937 адам тіркелген, бірақ онда бір ғана отбасы тұрған. Алматы облысында осындай 13 мың факті анықталды. Тексеріс нәтижелері бойынша құжаттарды қолдан жасауға, шекараны заңсыз кесіп өтуге, сот актілерін орындамауға және басқа да заң бұзушылықтарға байланысты барлығы 42 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Астанада бір пәтерде мыңға жуық адам «тұрған»
Астанада бір пәтерде мыңға жуық адам «тұрған». Бұл туралы заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралған Бас прокуратура алқасының отырысында белгілі болды. Ресми мәлімет бойынша алты өңірде (Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы және

Астанада бір пәтерде мыңға жуық адам «тұрған». Бұл туралы заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралған Бас прокуратура алқасының отырысында белгілі болды.
Ресми мәлімет бойынша алты өңірде (Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы және Астана қалалары) прокурорлар заңсыз көші-қон арналарын анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·