Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан СауранбаевАстанада жаңа әуежай құрылысын бастау жоспарланып отырған мерзімді атады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Әуежай инфрақұрылымына келсек, алдағы үш жыл ішінде оны жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұған дейін айтылғандай, Астана әуежайын жаңғырту – бірінші кезектегі міндет. Қала әкімдігі қажетті дайындық жұмыстарын бастап кетті. Құрылысты келесі жылы бастау жоспарланып отыр, – деді министр сәрсенбі күні Үкімет отырысында.