“Аталған іс бойынша төрт адам ұсталды. Олардың қатарында жедел жәрдем станциясының директоры, орта буындағы екі басшы және тағы бір қызметкер бар. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 850 миллион теңге”, – деп мәлімдеді Астана қаласының прокуратурасы.Күдіктілердің әрекеттері “Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған аса ірі мөлшерде бірнеше рет иемденiп алу”, яғни қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2 тармағы, 189-бабы 3-бөлігі 1, 2, 3-тармақтары бойынша сараланды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Шығын миллиард теңге: Астанада жедел жәрдем басшылары жылдар бойы ақша жымқырып келген
Фото: ДСМ Елорда прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп жедел жәрдем станциясында бюджет қаражатын жымқырғандарды әшкереледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Тергеу кезінде 2020-2023 жылдар аралығында жедел жәрдем станциясында санит

Фото: ДСМ
Елорда прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп жедел жәрдем станциясында бюджет қаражатын жымқырғандарды әшкереледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу кезінде 2020-2023 жылдар аралығында жедел жәрдем станциясында санитарлық көліктерге арналған автокөлік бөлшектері заңсыз есептен шығарылып, іс жүзінде көрсетілмеген қызметтерге жалған келісімшарттар жасалғаны анықталды. Салдарынан кейбір автокөліктер шақыртуларға мүлде шықпай қалған, сондай-ақ бірқатары пайдаланудан шығарылған.
Прокуратураның мәліметінше, қазір “103” қызметінің автопаркі толықтай қалпына келтірілді.
Похожие материалы

Главное
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Главное
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Главное
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Главное
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·