Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Астанада танымал журналист Ботагөз Омарова үйқамаққа алынды

Астанада журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол үйқамаққа алынды. Оған көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылған.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Астанада танымал журналист Ботагөз Омарова үйқамаққа алынды
Астанада белгілі журналист Ботагөз Омарова үйқамаққа алынды. Ол көрінеу жалған ақпарат тарату туралы қылмыстық іс бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Бұл ақпаратты «Құқықтық медиа-орталықтың» заңгері Гүлмира Біржанова растады. Оның айтуынша, сот осындай шешім шығарған және түнде журналистің үйінде тінту жүргізілуі мүмкін.
«Сот журналист Ботагөз Омарованы үйқамаққа жіберді. Ол көрінеу жалған ақпарат тарату ісі бойынша күдікті деп танылды», - деп жазды BES.media басылымы заңгердің сөзіне сілтеме жасап.
Оқиға 20 наурыз күні кешке басталған. Омарова алдымен өзінің полицияда отырғанын хабарлаған. Кейінірек Астана қалалық полиция департаменті журналистің үстінен түскен арыз негізінде «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша соталды тергеу басталғанын мәлімдеді. Бастапқыда Омарова іс бойынша қорғану құқығы бар куәгер ретінде тергеуге шақырылған. Астанадағы әріптестері Ботагөз Омароваға қолдау білдіріп, құқық қорғау органдарының істің мән-жайын толық түсіндірмей отырғанына алаңдаушылық танытты. Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Астанада танымал журналист Ботагөз Омарова үйқамаққа алынды · Todayinfo