Todayinfo.kz
Новости

Астанадағы LRT тағы дауға қалды: жаңа сырланған бояуы түсіп жатыр

Астанадағы LRT тіректерінің жаңа бояуы қабыршақтанып түсе бастады. Желіде тараған видеодан кейін CTS компаниясы ресми жауап берді.

Автор Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин чтения
Астанадағы LRT тағы дауға қалды: жаңа сырланған бояуы түсіп жатыр

Астанадағы көпке танымал LRT құрылысы тағы да жұрттың сынына қалды. Желіде Шәмші Қалдаяқов көшесі бойындағы тіректердің жуырда ғана сырланған бояуының қабыршақтанып түсіп жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Кадрлардан сұр бояудың жұқа қабатпен түсіп, астындағы бетон көрініп тұрғанын байқауға болады. Бұл жағдай елорда тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды.

Бетон тіректерді бояу жұмыстары жақында ғана басталғаны белгілі. Осыған орай, City Transportation Systems (CTS) компаниясының баспасөз қызметі жауап берді.

"Бояу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Ауа райы жылынған кезде жұмыстар қайта жалғасады", - деп түсіндірді компания өкілдері.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы