Астаналық спортшылар конкурдан халықаралық жарыста 33 медаль жеңіп алды
Елордалық спортшылар Ресейдегі конкур жарысынан 33 медаль жеңіп алып, үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Челябинск қаласында «Рифей» олимпиадалық резервінің спорт мектебінің базасында беделді ат жарысы өтті. Онда елордалық спортшылар дайынд

Елордалық спортшылар Ресейдегі конкур жарысынан 33 медаль жеңіп алып, үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Челябинск қаласында «Рифей» олимпиадалық резервінің спорт мектебінің базасында беделді ат жарысы өтті. Онда елордалық спортшылар дайындығының жоғары деңгейде екенін көрсетті.
Бұл спорттық бәсекеге Астананың атынан «Арғымақ» ат-спорт кешенінің шабандоздары қатысты. Турнир қорытындысы бойынша елордалық спортшылар 12 алтын, 10 күміс және 11 қола жүлдеге ие болды.
Жарыс үш жас санатында өтті: балалар, жасөспірімдер және ересектер.
«Балалар» номинациясы бойынша астаналық жас қатысушылар үшін бұл алғашқы халықаралық жарыс болды. Олар Қазақстанның намысын абыроймен қорғады.
Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық спортшылардың гимнастикадан әлем кубогында қола жүлдеге қол жеткізгенін хабарлаған едік.
Похожие материалы

Новости
Жеті елдің жастары Балқашта өткен Халықаралық еріктілер форумында бас қосты
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Когда потерпевший — депутат, все ли равны перед законом? Жительница Алматы заявила о несправедливом расследовании дела против её мужа
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы
Жаннұр Еділбаева·

Новости
О фактах и интерпретациях вокруг социальных выплат работающим матерям
Жаннұр Еділбаева·