Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ата-аналар жас қыздарын порнографиялық кинолар түсіретін ер адамға сатқан

60 жастағы ер адам жас қыздарды аналарынан сатып алып, порнографиялық видеолар түсірген. Оқиға Қарағанды облысында болған, деп хабарлайды Todayinfo. Ер адам кәмелетке толмаған балаларды зорлап, видео түсіру үшін олардың ата-аналарымен келіскен. Оларға ақша беріп отырған. «Күдікті

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Ата-аналар жас қыздарын порнографиялық кинолар түсіретін ер адамға сатқан
60 жастағы ер адам жас қыздарды аналарынан сатып алып, порнографиялық видеолар түсірген. Оқиға Қарағанды облысында болған, деп хабарлайды Todayinfo. Ер адам кәмелетке толмаған балаларды зорлап, видео түсіру үшін олардың ата-аналарымен келіскен. Оларға ақша беріп отырған.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі (кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және ҚК-нің 135-бабы (кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қызылорда облысында жас балалар түскен порнографиялық видеоларды сатумен айналысқан екі жігіт ұсталды. Олар бейнематериалдарды Telegram әлеуметтік желісінің жабық топтарына салып, саудалаған.
«Бұл факт ҚК-нің 312-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-не тіркелген (кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдардың немесе заттарды дайындау және айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту)», - дейді полиция.
Күдіктілердің бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Похожие материалы

Ата-аналар жас қыздарын порнографиялық кинолар түсіретін ер адамға сатқан · Todayinfo