Жылыой ауданында бірнеше оқушы қатарластарын аяусыз соққыға жықты. Олар бұл әрекетін видеоға да түсірген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Желіде тараған видеодан екі жасөспірімді жерге құлатып, жатқан күйде денесі мен басынан жұдырықпен ұрып, тепкілеп жатқанын көруге болады.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп бұзған жасөспірімдердің жасы 13-те және 14-те.
“Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілген. Жасөспірімдер ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылып, жиналған материалдар тиісті шара қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды”, – деп мәлімдеді ведомство.




