Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Атырауда әйелді пышақтаған ер адам басқа қалада ұсталды

Пышақ жарақатын алған әйел ауыр жағдайда жатыр. Оның мойнына пышақ салынған. Облыстық полиция департаменті ер адам мен әйел азаматтық некеде болғанын хабарлаған еді. – 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 30 жастағы әйелді өлтіруге оқталған 29 жастағы күді

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Атырауда әйелді пышақтаған ер адам басқа қалада ұсталды
Пышақ жарақатын алған әйел ауыр жағдайда жатыр. Оның мойнына пышақ салынған. Облыстық полиция департаменті ер адам мен әйел азаматтық некеде болғанын хабарлаған еді.
– 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 30 жастағы әйелді өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Жеке басы анықталып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті мен жәбірленушінің азаматтық некеде тұрғаны анықталды, - делінген Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда ер адамның әйелді пышақтағаны видеоға түсіп қалғанын жазған болатынбыз.   

Похожие материалы

Атырауда әйелді пышақтаған ер адам басқа қалада ұсталды · Todayinfo