Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Атыраудағы зауыт Ресей компаниясына сатылып кеткен

Атыраудағы зауыт не себепті ресейліктерге сатылды: ҚМГ түсініктеме берді «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Атырауда орналасқан, полипропилен қапшықтары мен пленка шығаратын ірі кәсіпорын – «Полимер Продакшн» ЖШС-ның 60% үлесін ресейлік «Сибур Холдингке» сату шешіміне ресми түсінікт

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Атыраудағы зауыт Ресей компаниясына сатылып кеткен

Атыраудағы зауыт не себепті ресейліктерге сатылды: ҚМГ түсініктеме берді

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Атырауда орналасқан, полипропилен қапшықтары мен пленка шығаратын ірі кәсіпорын – «Полимер Продакшн» ЖШС-ның 60% үлесін ресейлік «Сибур Холдингке» сату шешіміне ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Todayinfo порталы Orda.kz сілтеме жасап. ҚМГ ұлттық компаниясы 2023 жылдың желтоқсанынан бастап «Полимер Продакшн» ЖШС-ның жалғыз иесі болғанын еске салды (бұған дейін кәсіпорын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрамында болған). Ол уақытта зауыттың жұмысы тоқтап тұрған еді – барлық технологиялық желілер тоқтатылып, қызметкерлер жұмыстан босатылған (оларға жалақының бір бөлігі өтемақы ретінде төленіп отырған). «Компанияның шығыны 5,8 млрд теңгені құрады. ҚМГ кәсіпорынды сатып алғаннан кейін өндірісті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, қызметкерлер алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындауды жалғастырды. Сонымен бірге, ҚМГ үшін негізінен азық-түлік өнеркәсібінде орау материалы ретінде қолданылатын БОПП-пленка өндірісі негізгі қызмет түріне жатпайды», — деп атап өтті «ҚазМұнайГазда». Пленка өндіретін зауыт ҚМГ үшін бейінді емес актив болғандықтан, ұлттық компания кәсіпорынды қайта жандандырумен айналысатын серіктес іздеген. Осындай инвестор ретінде ресейлік «Сибур» таңдалды. «Біріншіден, «Сибур Холдинг» – полипропилен шығаратын KPI жобасындағы ҚМГ-ның серіктесі, ал полипропилен – «Полимер Продакшн» зауытының негізгі шикізаты. Екіншіден, бұл компания түрлі маркалы БОПП-пленка өндірісінде мол тәжірибеге ие (Сибур зауыттарының жалпы қуаты жылына 180 мың тоннаға жетеді). Бұл келісім «Полимер Продакшн» ЖШС өндірістік қуаттарын жедел қалпына келтіруге мүмкіндік береді және айтарлықтай инвестиция тартылады», — деп сендірді ҚМГ. Кәсіпорынды қайта іске қосып, қызметкерлерді жұмысқа қайтару 2025 жылдың үшінші-төртінші тоқсанында жоспарланған. Қазір зауыт қызметкерлері «Сибурдың» кәсіпорындарында тағылымдамадан өтіп, біліктіліктерін арттырып жатыр. ҚМГ мәлімдеуінше, «Полимер Продакшн» зауытын ресейліктерге сату өндірісті қайта бастауға, Қазақстан азаматтары үшін 200-ден астам жұмыс орнын ашуға, өнімдерді үздіксіз шығаруға және экспортқа жөнелтуге мүмкіндік береді. Атыраудағы зауыттың ресейлік холдингке сатылғаны туралы ақпарат өткен аптада белгілі болған еді.  

Похожие материалы

Атыраудағы зауыт Ресей компаниясына сатылып кеткен · Todayinfo