Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Атыс қаруы. Есірткі. Жасырын ақша - ҰҚК шекарадағы заңсыздықтарды жариялады

Қазақстанда бір айда 4,5 мың адам шекара заңнамасын бұзды.  Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы шілдеде шекарада 4 560 заңнама бұзушы ұсталған. Оның ішінде 35 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталса, 38 шетелдік шекараны бұзып өтпек болғ

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Атыс қаруы. Есірткі. Жасырын ақша - ҰҚК шекарадағы заңсыздықтарды жариялады
Қазақстанда бір айда 4,5 мың адам шекара заңнамасын бұзды.  Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы шілдеде шекарада 4 560 заңнама бұзушы ұсталған. Оның ішінде 35 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталса, 38 шетелдік шекараны бұзып өтпек болған. Мемлекеттік шекара арқылы 1 612 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
    • 51 – есірткі заттары;
    • 111 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (2 дана пневматикалық және 206 дана суық қарулары, 77 дана оқ-дәрілер);
    • 26 – діни әдебиет (5 351 дана);
    • 424 – жалпы сомасы 17 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (37 мың литрден астам);
    • 835 – жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеден асатын тұтыну тауарлары;
    • 165 – жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 39 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
    • 27 дана жүзу құралы;
    • жалпы ұзындығы 16,2 шақырым тор түрінде браконьерлік аулау құралдары;
    • 12 дана (4,5 келі) бекіре тұқымдас балық;
    • 3 481 дана (9 723 келі) балық;
    • 82 дана суда жүзетін тасбақа;
    • 12 дана суда жүзетін құс;
    • 1 дана каспий итбалығы.
Алды алынған залал көлемі – 42,5 млн теңге.  

Похожие материалы

Атыс қаруы. Есірткі. Жасырын ақша - ҰҚК шекарадағы заңсыздықтарды жариялады · Todayinfo