Азиада-2025: Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір күміс медаль түсті
Фото: olympic.kz Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында ерлер құрамасы биатлоннан тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Биатлоншылар 4x7.5 шақырымдық бағдарламада сынға түсті. Қазақстан құрамасы бұл жарыста мәрег

Фото: olympic.kz
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында ерлер құрамасы биатлоннан тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Биатлоншылар 4x7.5 шақырымдық бағдарламада сынға түсті. Қазақстан құрамасы бұл жарыста мәреге екінші болып келіп, күміс жүлдені еншіледі.
Құрама сапында бұл бәсекеге Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев қатысты.
Ал алтын жүлдені Жапония спортшылары ұтты. Үздік үштікті Қытай құрамасы түйіндеді.
Осылайша Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында биатлоншылар төрт медаль жеңіп алды. Спринт бәсекесінде Владислав Киреев алтын алса, Вадим Куралес күміске қол созды. Ал әйелдер құрамасы эстафетада қола жүлдені ұтса, ерлер күміс медаль иеленді.
Похожие материалы

Спорт
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·

Спорт
Пять месяцев без зарплаты: Олимпийский чемпион Михаил Шайдоров рассказал правду
Todayinfo редакциясы·